
Жол-көлік оқиғасы шамамен 16 сағатта болды. 58 жастағы УАЗ көлігінің жүргізушісі алкогольді мас күйінде көлікті тізгіндеп, басқара алмай жолдың қарсы бетіне шығып ВАЗ автокөлігімен соқтығысты.
66 жастағы ВАЗ көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. УАЗ көлігінің жүргізушісі кеуде омыртқасы сынып аудандық ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
- Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, бірқатар сараптамалар жасалды, нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Semey News