Абай облысыДенсаулық сақтауТОП

Бородулиха ауданында денсаулық сақтау нысандары жаңғыртылуда

Бородулиха ауданында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында бірқатар нысандар салынып, күрделі жөндеуден өткізілуде.

2024–2025 жылдары үш жаңа нысан пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Успенка ауылында медициналық пункт, Ауыл ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт, ал Жаңа Шүлбі ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды.

Сонымен қатар, Белағаш, Зенковка, Новопокровка және Петропавловка ауылдарындағы денсаулық сақтау мекемелерінде күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұдан бөлек Бородулиха ауылындағы аудандық аурухананың ғимараты мен жылу жүйесі жаңартылуда.

Қазіргі уақытта Зенковка және Бородулиха ауылдарындағы жұмыстар толық аяқталды. Қалған нысандарда жұмыс жалғасуда.

Бұл шаралар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Осы айдарда

Back to top button