
Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев қалада орнатылып жатқан жаңа аялдамалардың жай-күйін барып көрді. Қазіргі таңда қалада 30-дан астам аялдама жаңартылған.
Аялдамалар берік, әрі сапалы болуы тиіс. Жұмыстарды әрі қарай жалғастырып, мерзімге сай орындау қажет, – деді қала басшысы.
Бүгінде жыл соңына дейін тағы 100-ге жуық аялдама жаңарту жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар қала инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауды көздейді.



