МерекеСемейТОП

Әділет Қожанбаев Семей қаласын Республика күнімен құттықтады

Құрметті жерлестер!
Қадірменді семейліктер!

Сіздерді ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

25 қазан – еліміздің тарихындағы ерекше мерейлі күн. Дәл осы күні Қазақстан Республикасының егемендігі туралы декларация қабылданып, Тәуелсіз мемлекет болудың алғашқы қадамы жасалды. Бұл күн – халқымыздың азат рухы мен ел болашағына деген сенімінің символы.

Республика күні – мемлекетіміздің тұтастығын, бірлігіміздің берік екенін айқындайтын ұлық мереке. Бұл күн бізге ел тағдырына жауапкершілікпен қарап, тәуелсіздікті сақтау мен дамыту жолында біріге әрекет ету қажеттігін еске салады.

Тәуелсіздік жолында құрбан болған батырларымыздың ерлігі – бүгінгі бейбіт өміріміздің іргетасы. Сол асыл мұратты ардақтап, ел ертеңі – жас ұрпаққа жарқын болашақ қалыптастыру – бәріміздің қасиетті парызымыз.

Құрметті жерлестер! Баршаңызға амандық, ырыс-береке, елімізге тыныштық пен тұрақтылық тілеймін!

Мереке құтты болсын!

Ізгі ниетпен,
Семей қаласының әкімі
Әділет Қожанбаев

Осы айдарда

Back to top button