
Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев Аягузская көшесіне барып, жолды тегістеу жұмыстарының барысымен танысты.
Аталған көше тұрғындары үгіт-насихат науқаны кезінде осы мәселені көтеріп, жолдың жағдайына қатысты өтініш білдірген болатын. Қала басшысының тапсырмасымен бұл бағытта тиісті жұмыстар қолға алынды.
Тұрғындардың өтініші назардан тыс қалған жоқ. Қаламыздың әрбір көшесінің жағдайы біз үшін маңызды. Аягузская көшесіндегі жолды тегістеу жұмыстары басталды, – деді қала әкімі Әділет Қожанбаев.
Қазіргі уақытта көшеге қиыршық тас төселіп, жолды тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарды мердігер ұйым қала әкімдігі бекіткен кестеге сәйкес орындап жатыр.



