Абай облысыТОП

Әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысы өтті

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен жиында жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында жасалған еңбек шарттары туралы деректерді бірыңғай ақпараттық жүйеге енгізу және жұмыс берушілермен жасалатын ұжымдық шарттарды цифрландыру мәселесі қаралды. Отырысқа басқарма, департамент басшылары, ал кәсіподақ өкілдері мен аудан, қала әкімдері бейне режимде қатысты. Күнтәртібіндегі мәселелер бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Ниятқабылов баяндады.

Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесін енгізудің негізгі мақсаты – кадрлық процестерді цифрландыру және автоматтандыру, еңбек шарттарының қағазсыз форматына көшу және азаматтардың еңбек қызметі туралы бірыңғай деректер базасын қамтамасыз ету.

Ұжымдық шарт – қызметкерлер мен жұмыс беруші арасындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуге, қызметкерлерге қосымша кепілдіктер мен әлеуметтік жеңілдіктер беруге, еңбек жағдайларын жақсартуға, еңбекақы төлеу мерзімдерін белгілеуге, еңбекақы төлеу тәртібін, жалақыны индекстеу тәртібін, ынталандыру төлемдерінің мөлшерін, жұмыс уақыты ережелерін және еңбек қатынастарының басқа да аспектілерін белгілеуге, тараптардың мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін қажет.

Абай облысында 535 ұжымдық шарт күшіне еніп, hr.enbek.kz сайты арқылы цифрландырылды.

Аймақ басшысы жиында бірінші орынбасары Ербол Садыр мен аудан, қала әкімдеріне штаттық кестелерді декларациялау және еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу барысын жеке бақылауға алуды тапсырды. Білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және әлеуметтік сала мекемелеріне еңбек шарттарын енгізу мен штаттық кестелерді декларациялауды толық жүзеге асыруды міндеттеді. Отырыста қала-аудан әкімдеріне жұмыс берушілермен кездесулер өткізіп, еңбек шарттарын есепке алу жүйесіне енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту, облыстық цифрландыру басқармасына жүйені жетілдіру және техникалық қолдау көрсету қажеттігі айтылды.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Осы айдарда

Back to top button