ҚоғамСемейТОП

Семейде «Қауіпсіз жол» іс-шарасы жүргізілуде

Іс-шара басынан бастап Семей қалалық ПБ ЖПП жеке құрамымен ҚР ҚК 346-бабы бойынша 4 факт анықталды және жойылды, деп хабарлайды Semey News.

Сонымен қатар жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен көлік құралдарын масаң күйде жүргізудің 44 фактісі, көлік құралына заңсыз қондырғылар орнатудың 8 фактісі, көлік құралдарын техникалық байқаусыз жүргізудің 71 фактісі, жүргізушілердің ұялы телефонды пайдаланудың 380 фактісі, қауіпсіздік белбеулерін тақпаудың 1534 фактісі, қарсы жол бетіне шығудың 36 фактісі, бағдаршам талаптарын бұзудың 65 фактісі, жаяу жүргіншілер өтетін жерде жаяу жүргіншілерді жібермеудің 954 фактісі, сонымен қатар жаяу жүргіншілердің жол ережелерін бұзуының 1165 фактісі анықталды, жолы кесілді.

Құрметті жүргізушілер, жолаушылар, жаяу жүргіншілер жол ережелерін сақтауды өтінеміз. Сіздерді үйлеріңізде тосып отыр, – деп атап өтті ведомства өкілдері.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button