ҚоғамТОПШҚО

Даниал Ахметов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өткізді

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде Даниал Ахметовтың басшылығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселелері бойынша кеңейтілген аппарат кеңесі өтті, деп хабарлайды Semey News.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде Даниал Ахметовтың басшылығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселелері бойынша кеңейтілген аппарат кеңесі өтті.

Қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармаларының басшылары Владимир Гайламазян мен Ернар Мұстафин жеткізді. Сондай-ақ, күн тәртібіндегі мәселеге қатысты ШҚО қалалары мен аудандарының әкімдері де ақпарат берді.

Сонымен қатар, аппарат кеңесінде жер қатынастары саласындағы цифрландыру мәселелері, шекара маңындағы аумақтарды ескере отырып, 2020-2024 жылдарға арналған Үржар ауданының әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын іске асыру барысы қаралды. Күн тәртібі бойынша Шығыс Қазақстан облысы Жер қатынастары басқармасының басшысы Виктория Барсукова мен Үржар ауданының әкімі Нұржан Тоқсейітов баяндама жасады.

Аймақ басшысы барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берді.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button