
Құрметті жерлестер, қадірлі семейліктер!
Киелі Семей – Алаштың жері, ұлы тұлғалардың түлеген киелі мекені, ұлт руханиятының, ғылым мен білімнің, мәдениет пен өркениеттің ордасы. Бүгін, осы киелі мекеннің әкімі ретінде өз қызметіме кірістім. Ендігі мақсатым – ұлы мұраны сақтап, Семейдің дамуы жолында біріге еңбек ету.
Қадірлі жерлестер!
Сіздердің сенімдеріңіз – мен үшін ең үлкен жауапкершілік. Әрбір шешімде халықтың мүддесі, қаланың келешегі басты орында болмақ!
Өркендеген, заманауи әрі жайлы Семейді бірге құрайық!
Құрметпен, Семей қаласының әкімі
Әділет Қожанбаев