Абай облысыТОПЭкология

Абай облысында 5 мың түп ағаш көшеттері отырғызылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы жалпы ұлттық акцияға Абай облысының тұрғындары да белсенді қатысты. Өңірдің 10 ауданы мен 2 қаласында 15 мыңға жуық адам тазалық шарасына атсалысты. Нәтижесінде 300 гектар аумақта 1000 тонна қоқыс жиналып, 5 мың түп ағаш көшеттері отырғызылды.

Семей қаласында жалпықалалық ауқымды сенбілік өтті. Экологиялық акция барысында облыс орталығында 1000 түп ағаш отырғызылды.

Әуелі Қарағайлы ықшам ауданында салынып жатқан жаңа саябақта қарағай көшеттері егілді. Іс-шараға облыс әкімі Берік Уәли қатысты.

Сондай-ақ әуежайға баратын жол бойында да көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Мұнда 300 түп жасыл желек егілді. Ағаш отырғызу шарасына Семей қаласы әкімдігі мен мемлекеттік мекемелердің 100-ге жуық қызметкерлері атсалысты.

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өңірде жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Абай облысында 44 іс-шарадан тұратын өңірлік жоспар бекітілген.

Биылғы санитарлық-экологиялық екі айлыққа 227 мыңнан астам тұрғын, 10 275 ұйым және 4114 техника тартылды.
39,3 мың тонна тұрмыстық қалдық шығарылды. 27 қыркүйекте облыстың барлық елді мекендерінде экологиялық сенбілік өткізілді. Шараға 10 мың тұрғын, 500-ге жуық ұйым қатысты. Нәтижесінде 1050 тонна тұрмыстық қалдық полигондарға жеткізілді.

Абай облысында 2022-2024 жылдары 213 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Жыл басынан бері өңірде 57 мыңнан астам жасыл желек егілді. Бағдарлама шеңберінде экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстар жүйелі әрі тұрақты түрде жалғасуда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button