Бесқарағай ауданы Қоянбай ауылында жаңа медициналық пункт қолданысқа берілді

Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Сұңғат Назаров арнайы барып, ауыл тұрғындарын көптен күткен қуаныштарымен құттықтады.
Қоянбай ауылы Бесқарағай ауданының Ресей Федерациясымен шекаралас орналасқан елді мекендерінің бірі. Бүгінгі күні ауылда 400 адам тұрады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Қоянбай ауылына антенна-діңгекті орнату жұмыстары аяқталып, қазіргі уақытта операторлармен келісімшарттар жасалды. Ауыл тұрғындары жақын арада интернет желісімен толыққанды қамтамасыз етілмек.
Ауыл тұрғыны Айгүл Сапарбекқызының айтуынша:
Жаңа медициналық пункттің ашылуы – біз үшін үлкен қуаныш. Бұрын кейде дәрігерлік көмек алу үшін аудан орталығына баруға тура келетін. Енді ауыл ішінде ем қабылдау мүмкіндігі туды. Ең бастысы – тұрғындардың денсаулығына жағдай жасалып отыр.
Бесқарағай ауданы әкімінің баспасөз қызметі.