ҚазақстанТОП

Kazakh Tourism Development халықаралық аренада танымал PGI компаниясымен шартқа қол қойды, ол Almaty Superski жобасына кеңесші болады

Әлемдік деңгейде тау шаңғысы курорттарын жобалау, дамыту және сүйемелдеу бойынша көп жылдық тәжірибесі бар PGI компаниясы Almaty Superski жобасын кеңесші ретінде сүйемелдейтін болады. Kazakh Tourism Development пен PGI арасындағы келісімшартқа Астана қаласында қол қойылды.

1957 жылы Андоррада құрылған компания тау шаңғысы курорттарын стратегиялық дамытуға, маркетинг жүрігізуге, жобаны толық басқаруға және кеңес беруге маманданған. Осы уақыт аралығында PGI жиырмадан астам елде 120-дан астам курортты, соның ішінде жыл бойы жұмыс істейтін курорттық жобаларды жүзеге асыруға қатысқан.

PGI компаниясы тау шаңғысы инфрақұрылымын жобалау және басқару саласында бірегей халықаралық сараптамаға ие. Оның жылдар бойы жинаған тәжірибесі жобалардың толық өмірлік циклін қамтиды.

Almaty Superski жобасы Алматы тау кластерінің (АТК) негізгі бөлігі және өңірдің туристік саласының драйвері ретінде қарастырылып отыр. Almaty Superski жобасын іске асыру шеңберінде 5 мыңға жуық, ал жалпы АТК шеңберінде 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру, салық түсімдері мен туристік ағынды арттыру, сондай-ақ Алматы қаласының жыл бойы және белсенді демалыс орталығы ретінде халықаралық имиджін қалыптастыру көзделеді.

PGI ең қатаң экологиялық стандарттар қолданылатын Франция, Испания, Андорра елдерінде жобаларды жүзеге асыруда табысты тәжірибесі бар екенін атап өткен жөн. Халықаралық компания табиғатқа және таулы өңірдің бірегейлігін сақтай отырып, тұрақты дамудың үздік әлемдік тәжірибелерін Қазақстанда енгізуді мақсат тұтады.

Компанияның міндеттеріне жобалау-іздестіру жұмыстарын үйлестіру кіреді және осы жұмыстар барысында үздік халықаралық және Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік актілерінің сақталуын қатаң қадағалайтын болады.

Жоспарлау барысында аумақты барынша тиімді пайдаланып, тек тау шаңғысына, туристтердің жаяу серуендеуіне, тау велосипедтеріне және т.б. бағыттарға ғана қажетті инфрақұрылым салу үшін техникалық шешімдер негізге алынады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button