ШҚО

ШҚО-да офицер-тәрбиешілердің оқу-әдістемелік жиыны өтті

Өскеменде Шығыс өңірлік қолбасшылығының тәрбиешілері үшін маңызды оқиға – Ұлттық ұлан офицер-тәрбиешілерінің оқу-әдістемелік жиыны ұйымдастырылды.

Үш күнге созылған басқосуға Павлодар, Курчатов және Семей қалаларынан келген 18-ден астам офицер жиналды. Олар үшін бұл жиын тек дәрістер мен жаттығулар ғана емес, тәжірибе алмасу, жаңа идея іздеу және кәсіби шеберлікті шыңдау алаңы болды.

Бағдарлама аясында практикалық сабақтар, дене дайындығы мен арнайы пәндер бойынша сынақтар өткізілді. Ерекше көңіл әскери қызметшілермен тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысты ұйымдастырудың жаңа тәсілдеріне аударылды.

Жеке құрамды тәрбиелеу әдістемесінің сапасы олардың моральдық рухы мен психологиялық тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Дәл осы арқылы қырағылық, табандылық пен мақсатқа жетудегі батылдық секілді қасиеттер қалыптасады, – деп атап өтті “Шығыс”өңірлік қолбасшылығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Арман Сеитов.

Жиын салтанатты түрде қорытындыланды. Үздік офицер-тәрбиешілер грамоталармен марапатталды. Ал ең бастысы – әрбір қатысушы өз бөлімінде қолдануға болатын жаңа идеялар мен тәжірибелік құралдарды бойына сіңіріп қайтты.

“Шығыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button