Абай ауданы мұғалімі оқушыларға еңбек пен экологияны қатар үйретіп жүр

Абай ауданы Шәкерім атындағы орта мектепте биология пәні мұғалімі Серік Скаков мектеп жылыжайына жетекшілік етеді.
Мектепте 5–11 сынып оқушыларынан құралған «Экология» фракциясы жұмыс істейді. Балалар өсімдіктерді баптауды тәжірибеде меңгереді, аумақты таза ұстап, жасыл желекті қорғауға да атсалысады.
Жылыжайда қияр, қызанақ, аскөк, салат өсіріледі. Жиналған өнім мектеп асханасына жеткізіледі. Бұл оқушылардың дұрыс тамақтануына, экологиялық мәдениет қалыптастыруға ықпал етеді.
Жылыжай алғаш рет 1986 жылы мектеппен бірге салынған. 2009 жылы «PROON» қорының гранты арқылы қайта іске қосылды. Содан бері тұрақты жұмыс істеп тұр.
Алдағы уақытта жылыжайдың көлемін ұлғайту, өсірілетін көкөністер мен жемістің түрлерін де көбейту жоспарланған.
АБАЙ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ