Облыс әкімі Мақаншы ауданының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

Мақаншы ауылында өткен қабылдауға келген тұрғындар тұрғын үй, жер рәсімдеу, білім, денсаулық сақтау, спорт салаларына қатысты мәселелерді көтерді. Алакөл туристік аймағын дамытуға байланысты ұсыныстар айтылды.
Облыс әкімі Берік Уәли 20-ға жуық тұрғынның өтініш-тілектерін тыңдап, аудан әкімі мен тиісті басқармаларға өзекті мәселелерді заң аясында шешуді тапсырды.
Қабылдауда көтерілген мәселелердің ешқайсысы назардан тыс қалмайды. Биыл Алакөлдің инфрақұрылымын жаңғыртуға облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта туристік аймақтың бас жоспарын әзірлеп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырамыз, – деді аймақ басшысы.
Облыс әкімінің қабылдауына дейін басқарма басшылары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, сұрақтарына жауап берді.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ