Семей
Азаматтарды қабылдау өтті

Қала әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев тұрғындарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға 18 азамат келіп, өз өтініштері мен мәселелерін жеткізді.
Негізгі көтерілген тақырыптар – жолдардың жағдайы, қоғамдық көлік жұмысы, абаттандыру және білім беру саласына қатысты сұрақтар болды. Әрбір мәселе бойынша тиісті бөлім басшылары заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қорытындысында тұрғындардың ұсыныстарын назарға алып, жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар берілді.