Абай облысыТОП
Көктерек ауылындағы мектепке жаңа автобус берілді

Мақаншы ауданындағы Көктерек ауылдық округіндегі Көктерек орта мектеп-балабақшасына оқушыларды тасымалдау үшін «Газель NEXT» маркалы автобус сатып алынды. Қазіргі таңда мектепте 160 оқушы оқиды.
Автобус Көктерек – Кіші Көктерек бағыты бойынша күніне 2 рейс жасап, 30-ға жуық оқушыны мектепке және үйлеріне қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз етеді.
Бұл – ауыл балаларының білімге қолжетімділігін арттырып, ата-аналар үшін үлкен қолдау болмақ.
Бүгінде ауданда 18 мектеп бар. Онда 4581 оқушы білім алады, 738 мұғалім еңбек етеді.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ