
Семей гарнизонының баспасөз қызметінің берген мәліметі бойынша, чемпионатқа сегіз команда қатысты. Жарысқа 8 жастан 12 жасқа дейінгі балалар тартылды. Біріншілік айналмалы жүйе арқылы жүргізілді.
Жарыс тартысты өтті, жас футболшылар өздерінің шеберліктерін, әр шабуылдан кейінгі эмоцияларын және әдемі ойын көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды артиллериялық бригаданың «Қаршыға» командасы, екінші орын – инженерлік-саперлік полктің «Арландар» командасы, үшінші орын – байланыс бөлімшелерінің «Байланыс» командасы жеңіп алды.

- Мен бұл жетістіктермен шектеліп қоймаймын, болашақта Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетіп, халықаралық ареналарда еліміздің намысын қорғағым келеді, – деді «Қаршыға» командасының шабуылшысы Тамерлан Нұрмұхамет.
Semey News