СемейТОП

Семейде мүгедектігі бар жандарға арналған ашық қалалық спартакиада басталды

2025 жылдың 17-18 қыркүйек күндері Семей қаласындағы Спартак стадионында мүгедектігі бар жандар арасында ашық қалалық спартакиада өз бастауын алды.

Ауқымды спорттық шараға Семей қаласында орналасқан арнайы мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері, барлығы 100-ге жуық жас спортшы қатысуда. Қатысушылар спорттың бірнеше түрі бойынша өзара бақ сынауда.

Атап айтқанда: асық ату, жеңіл атлетика, шағын футбол, қол күрес, бочча, үстел теннисі және тоғызқұмалақ сияқты спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылған.

Жарыс соңында үздік нәтиже көрсеткен спортшылар Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы медальдарымен, грамоталарымен және кубоктарымен марапатталады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button