
Семей қ. ПБ баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша, 4 маусымда қаланың Затон полиция бөліміне 27 жастағы Семей тұрғыны жүгініп, 3 маусымда 21 сағат 30 минут шамасында 35 кварталдағы үй ауласында тұрған автокөлігінің есігін бұзып жалпы құны 88 000 теңгені құрайтын музыка колонкасын, магнитолласын, көлік компьютерін ұрлағанын хабарлады. Бірнеше сағат өткеннен кейін Затон ПБ тағы бір Семей қаласының 66 жастағы тұрғыны жүгінді. Аталған азаматтың 35 кварталда тұрған автокөлігінен магнитолласын, екі колонкасы ұрланған, шығын – 20 000 теңге. Затон ПБ қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында Семей қаласының екі тұрғыны ұсталды. Олар бұрын сотты болмағандар, 24 және 28 жаста.

Қаскүнемдер тек ресейлік, Лада маркалы автокөліктерді тонаған. Ұрлық ұрлыққа қарсы дабылдары орнатылған, сондай-ақ орнатылмаған автокөліктерде жасалған. Қазіргі уақытта олардың тағы да 10 ұрлыққа қатыстылығы анықталды.
Жоғарыда аталған тұлғалар Семей қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, басқа ұқсас ұрлықтарға қатыстылықтары тексерілуде.
Semey News