Өскеменде қызметтік ит сайыста үздік атанып 100 кг азыққа ие болды

Өскеменде «PET DOG FEST» фестивалі өтті. Қатарынан екінші рет ұйымдастырылған іс-шараға мыңнан астам қатысушы жиналды. Олар ветеринар мамандардан кеңес алып, жануарларды күтіп-баптау бойынша шеберлік сағаттарына қатысты. Сонымен қатар салтанатты шара бағдарламасында үй жануарлары мен қызметтік иттердің қатысуымен түрлі жарыстар мен көрсетілімдер өтті.
– Фестиваль мақсаты жануарларды қорғау және бұқараны жануарларды қорғауға шақыру болып табылады. Сайыс жүлдегерлері үшін ерекше сыйлықтар әзірледік. Байқаудың бас жүлдегеріне 100 килограмм итке арналған дәмді азық-түлік табысталады. Айта кетейік, үй хайуанатына арналған тағамдар отандық өндірістен шығарылған, – дейді сайысты ұйымдастырушылары Фариде Садықова.
Үй хайуанатына арналған іс-шараға жеті жүзге жуық жеті төрт аяқты қатысып, белсенділік танытты. Сайыс көркін қыздырып, түрлі жаттығуларды жоғары деңгейде орындаған. Эра есім Ұлттық ұланның қызметтік иті болды. Ұлттық ұланның 5518 әскери бөлімінің кинология қызметінің маманы ефрейтор Владимир Раструба төрт аяқты серігі Эрамен бірге көрермен көзайымына айналып, фестиваль жеңімпаздары атанды.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі