Абай облысыДенсаулық сақтауТОП

Семейде дәрігерлер 70 жастағы науқасқа бірегей гибридті операция жасады

«СМУ» КеАҚ Университеттік госпиталінде 2025 жылғы 28–29 тамызда Семейде өткен Б.А. Атчабаров атындағы XVII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Экология. Радиация. Денсаулық» аясында шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Оның шеңберінде дәрігерлер кеуде және құрсақ аортасының расслоившая аневризмасы бар 70 жастағы науқасқа бірегей гибридті операция жасады.

Операцияның негізгі күрделілігі аортаның толық расслоение жағдайында және сандық пен мықын артерияларының окклюзиясымен мультифокальды атеросклерозға байланысты болды. Бұл дәстүрлі қолжетімді тәсілдерді қолдануды мүмкін емес етті. Қан тамырлары хирургтарының тобы уақытша жасанды шунт қалыптастырып, соның арқылы аортаға стент-графт енгізуге қол жеткізді. Оның орнатылуы бойынша эндоваскулярлық кезеңді Университеттік госпитальдің эндоваскулярлық хирургтары Виктор Викторович Землянскиймен бірлесіп орындады.

Виктор Землянский — Семей қаласының тумасы, осы Медициналық университеттің түлегі, қазіргі таңда Астана қаласындағы UMC интервенциялық радиология бөлімінің меңгерушісі әрі Қазақстандағы жетекші эндоваскулярлық хирургтардың бірі. Оның қатысуы өңір үшін ерекше маңызға ие: әлемдік деңгейдегі маман, Семейде тәрбиеленген түлек туған қаласына оралып, тәжірибесімен бөлісіп, пациентке көмек көрсетті.

Бүгін Семей медицина университетінің Университеттік госпиталінде 70 жастағы науқасқа III типтегі аортаның расслоившая аневризмасы бойынша бірегей операция жасалды. Біз төмендейтін аорта бөлігіне “on-table” фенестрациясымен стент-графт имплантациясын орындадық. Яғни стент-графтты біздің дәрігерлер операция алдында қолмен модификациялап, кейіннен науқасқа қажетті позицияға орнатты. Операция сәтті өтті, пациенттің қазіргі жағдайы тұрақты. Университеттік госпиталь ұжымына табыс, сәттілік және жаңа жетістіктер тілеймін, — деді Виктор Землянский.

Науқас операцияны жақсы өткерді, қазір оңалту кезеңінде. Мұндай операциялар ең қымбаттардың қатарына жатады: олардың құны 4,5 миллион теңгеден асады. Алайда Университеттік госпитальде олар барлық сақтандырылған азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында тегін жасалады.

Мұндай шеберлік сабақтарының қос маңызы бар: пациенттер әлемдік деңгейдегі жоғары технологиялық көмекке қол жеткізсе, дәрігерлер еліміздің үздік мамандарының тәжірибесін үйреніп, өз шеберлігін жетілдіреді. Семей үшін бұл оқиға айрықша мақтанышқа айналды әрі өңір тұрғындарының озық медициналық технологияларға қол жеткізуі отандық мамандар мен МӘМС жүйесінің арқасында мүмкін екенін дәлелдеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button