ЖолдауҚазақстанПрезидентТОП

Президент бірпалаталы Парламент құру туралы бастама көтерді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Жолдауында бірпалаталы Парламент құру туралы бастама көтерді.

Мен Сенатқа он жыл басшылық еттім. Бұл жұмысты қашанда зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік деп санадым. Сондықтан маған осы мінберден парламенттік реформа туралы айту оңай емес. Соған қарамастан мен дәл бүгін елімізде көп ұзамай бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтергім келеді. Бірден айтайын, бұл – өте маңызды мәселе. Оны асығыс жүзеге асыруға болмайды. Бұл реформа азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, сондай-ақ, әрине, қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы қажет. Реформаның мән-маңызы айрықша екенін ескерсек, оны талқылауға бір жыл уақыт керек деп ойлаймын, – деді Мемлекет басшысы.

Президент мұны халық даусымен 2027 жылы жалпыұлттық референдум негізінде шешуді ұсынды. 

Мен мемлекеттің тағдырын айқындайтын барлық мәселе халықтың келісімімен ғана шешіледі деп бұған дейін бірнеше рет айттым. Егер бір палаталы Парламент құру қажет деген ортақ шешімге келсек, ондай Парламентті тек қана партиялық тізім бойынша сайлаған жөн деп санаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы айдарда

Back to top button