Водный кентіндегі трансформаторлар жаңғыртылды

Жаңа оқу жылында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Семей қаласындағы Водный кентінде 600 орындық мектеп ашылды.
Электр қуатының тапшылығына байланысты құрылысы ұзаққа созылып кеткен нысанның құрылысы облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасынан кейін қарқынды жүргізіліп, қысқа мерзімде халық игілігіне берілді.
Жаңа білім ордасы электр және байланыс желілері, су құбыры, кәріз жүйесі, жылумен жабдықтауға арналған жеке қазандықпен қамтамасыз етілген.
Электр қуатының тапшылығы мәселесін жою үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. 10000 кВ қуаттылығы бар үш фазалы 2 жаңа трансформатор қойылып, қосымша 10 кВ кернеулі 5 шақырым кабель төселді. Осының нәтижесінде Водный кентіндегі мектеппен бірге Шығыс кентінде салынып жатқан 300 орындық мектеп те электр қуатымен толық қамтамасыз етілетін болады. Ерекше атап өтерлігі, жаңа трансформаторлардың қойылуы 44 мыңға жуық тұрғыны бар Шығыс және Водный кенттерін электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Semeynews.kz