Абай облысыТОП

Құрлық әскерлерде үздік мергендер анықталды

Ақтөбе қаласында Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай өткен ҚР Құрлық әскерлерінің мергендер байқауынан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері жүлделі оралды.

Жарысқа өңірлік қолбасшылықтардың әскери бөлімдерінен 30-дан астам мерген қатысқан. Байрақты додаға қатысуға келмес бұрын әскери қызметшілер өңірлік қолбасшылықтардың әскери бөлімдерінде қатаң іріктеуден өтті.

Жалпы командалық есепте 1-орынды қанжығаларына байлаған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілеріне жүктелген міндет те осал болмапты. Жарысқа еліміздің құрлық әскерлерінің үздік деген әскери бөлімшелерінің мергендері қатысты. Олар дене даярлығы бойынша нормативтермен қатар тактика мен инженерлік дайындық нормативтерін орындады.

Сайысқа қатысып, жұптық кезеңде 2-орынды иеленген 27943 әскери бөлімі мергендер взводының командирі 3-сыныпты сержант Ринат Муглиев сайыс барысында мергендер өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік туындағанын айтады.

          – Сайыс барысында өзіміздің тактикалық және техникалық дағдыларымызды жетілдірдік, дәлдік пен жылдамдықты дамытуға мүмкіндік алдық. Мергендер тек физикалық шеберліктерін ғана емес, сонымен қатар психологиялық тұрақтылықтарын да нығайтуға тырысады. Осындай сайыстар жиі өткізіліп тұрса тәжірибе алмасуға мол мүмкіндік, – дейді  3-сыныпты сержант Ринат Муглиев.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

 

Осы айдарда

Back to top button