Абай облысыҚоғамТОП

Президент Жолдауы аясында Абай облысында “Кедергісіз келешек” жобасы бойынша 139 нысан толық бейімделді

Абай облысында 24 мыңнан астам мүгедектігі бар адам бар, оның ішінде 2,9 мыңы – балалар. Биыл оларды техникалық оңалту құралдарымен және қызметтермен қамтамасыз етуге 3,7 млрд теңге қарастырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Айман Нұрлыбек баяндады.
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін 12 157 адамның 10 213-і қажетті құралдармен қамтылып, бұл жоспардың 84,1 пайызын құрады. Қазіргі таңда облыста 5 медициналық-әлеуметтік мекеме және 150 орындық оңалту орталығы жұмыс істейді. Бұдан бөлек, 15 аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы арқылы 4 мыңнан астам адамға қызмет көрсетіледі. Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – деді басқарма басшысы.
Мәселен, Үржардағы балаларға арналған орталыққа 89,8 млн теңгеге күрделі жөндеу жасалып жатыр. Аягөздегі мекемеде өрт дабылы жүйесі мен қазандықтар жаңартылып, терезелер ауыстырылуда. Ал Бородулиха орталығында қазандықты жаңарту және лифтіні жөндеу жұмыстары басталды. Сонымен қатар, Семейде психоневрологиялық ауруларға арналған 100 орындық жаңа корпус салынуда.
«Кедергісіз келешек» жобасы аясында ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қолайлы орта қалыптастыру жұмыстары жүріп жатыр. Биыл облыста 206 нысан бейімделуі тиіс болса, қыркүйек айына қарай оның 139-ы толық бейімделді. Сондай-ақ, «Инватакси» қызметінде 19 көлік жұмыс істейді, биыл тағы 4 жаңа автомобиль алынды,- деді Айман Нұрлыбек.

Осы айдарда

Back to top button