СемейТОП

Семейде жалпықалалық сенбілік жалғасуда

Семей қаласында жалпықалалық сенбілік жұмыстары жалғасуда. Тазалық жұмыстарына мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, шағын және орта бизнес өкілдері мен тұрғындар қатысты.

Қаланың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында өткен шараға 4500-ден астам тұрғын қатысып, 20-ға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Нәтижесінде, 190 текше метрден астам қоқыс ТҚҚ полигонына шығарылды.

Еске сала кетейік, сонымен қатар шаһарда қоқыс қалдықтарын шығару, заңсыз қоқыс алаңдарын жою бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Мұндай игі бастама қаланың тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған. Тұрғындарды алдағы уақытта да белсенділік танытып, тазалықты бірге сақтауға шақырамыз.

Таза қала – ортақ игілік!

Осы айдарда

Back to top button