Ұлттық ұлан сержанты өрт кезінде жарылыстың алдын алып, тұрғындарды құтқарды

2025 жылғы 22 тамызда Семей қаласында Ұлттық ұланның 5511 әскери бөлімінің сержанты Қайрат Әділханов ерлік көрсетіп, тұрғындардың амандығын сақтап қалды.
Оқиға 14-шағынаудандағы №5 үйдің №29 пәтерінде болды. Үйінде отырған сержант Әділханов өртті байқап, бірден әрекетке көшті. Пәтердің есігі жабық болғандықтан, ол төртінші қабаттан балкон арқылы үшінші қабатқа түсіп, өртеніп жатқан пәтерге кірді.
Өз өміріне қауіп төнсе де, ол өртті сөндіруге кірісіп, іштен газ баллонды сыртқа алып шықты. Осылай үлкен жарылсиың алдын алды.
Осындай сәтте ең бастысы – адамдардың амандығы. Менің орнымда кез келген жауынгер осылай істер еді, – дейді сержант Қайрат Әділханов.
Сержант Қайрат Әділхановтың ерлігі арқасында адам шығынына жол берілмей, тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.
ҰҰ “Шығыс”өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі