Абай облысы ТЖД автопаркі жаңа техникалармен толықты

Азаматтық қорғау саласын материалдық-техникалық тұрғыдан нығайту мақсатында Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің автопаркі 5 заманауи өрт сөндіру техникасымен толықты.
3 өтімділігі жоғары КАМАЗ базасындағы АЦ-5-40 өрт сөндіру автоцистернасы
2 өтімділігі жоғары КАМАЗ базасындағы сорғы-жең өрт сөндіру автомобилі (СЖА)
Өрт сөндіру автоцистернасы өрт сөндіру сорғысымен, арнайы сыйымдылықтармен жабдықталған және жеке құрамды, техника мен өрт сөндіру заттарын өрт орнына жеткізуге арналған.
Сорғы-жең өрт сөндіру автомобилі (СЖА) – ірі өрттерді сөндіру кезінде аса қажет техника. Ол жеке құрамды және құралдарды өрт орнына жеткізіп қана қоймай, 2 шақырым қашықтыққа дейін су беруді қамтамасыз етіп, резервтік су қорын құруға мүмкіндік береді.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ