Абай облысыТОП

Бородулиха ауданында жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Биыл Бородулиха ауданында көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша кешенді бағдарлама жүзеге асырылуда. Оның барысында республикалық, облыстық, аудандық және ауыл көшелерінің жолдары орташа жөнделу үстінде.

Республикалық маңызы бар «Семей – РФ шекарасы» автожолының 19–46 шақырымында ресайклинг әдісімен жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, облыстық деңгейде «Бородулиха – Жезкент» (0–12 км) және «Дмитриевка – Бородулиха – облыс шекарасы» (29–33 км, 63–67 км) учаскелері жөнделуде. Мердігер компания – «Семей жолдары» ЖШС.

Аудандық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 337 шақырымды құрайды. «Новопокровка – Бел-Ағаш» (0–10 км) бағытында 4 шақырым шұңқыр жамалып, 3 шақырымы тегістелді. «Бородулиха – Жерновка – Пол-Лог» (5,5–13,5 км) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Песчанка ауылындағы бес көше жөнделуде, Зенковка ауылындағы төрт көшенің жұмыстары толық аяқталды.

Барлық жобалардың сапасын «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» бақылайды.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Осы айдарда

Back to top button