
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушыларға Тынышпаев көшесіндегі 1950 жылы салынған жатақхананың төбе жабындысы құлағаны туралы хабар түскен.
«Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар 2 тұрғынды эвакуациялады. 10 тұрғын сол жерден өз бетімен шығып үлгірген. Кинологиялық қызмет өкілдері «Алеся» атты иттің көмегімен жатақханада зардап шеккендердің бар-жоғын мұқият тексерді», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Белгілі болғандай, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Төбе жабындысының құлаған аумағы шамамен 8 шаршы метрді құрады. Аталған үйде 50 адам тұрады. Қазіргі уақытта оқиға орнын полиция қызметкерлері арнайы лентамен қоршады. Комиссия жұмыс істеуде.
Semey News