
Таңертең ерте болған оқиға әлеуметтік желі пайдаланушыларын дүрліктірді.
Семей қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметінде, бүгін 05 сағат 34 минутта «102» арнасына 53 жастағы Семей қаласының тұрғыны коңырау шалып, «Фольксваген Вента» маркалы автокөлігін ұрлап кеткенін хабарлады деп түсіндірді.
Аталған факті бойынша Затон ПБ ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР ҚІК 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес көлікті кім және қандай жағдайда ұрлағаны, көпір қоршауына қалай соғылғаны туралы ақпараттар, түсіндірмелер берілмеді.
Semey News