Елімізде 25 мамырдан 1 маусым аралығында картоп, сәбіз, сүт және айран бағасының өсуі байқалды
Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Шәкәрімов баспасөз мәслихатында бағаның өсу себептері және әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны бірқалыпты бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды Semey News.

– Көкөніс бағасының өсуі тұрақтандыру қорының өнімін сатудың аяқталуына, өткен жылғы өнім қорының қысқаруына және ағымдағы жылғы оңтүстік өңірлерден және көрші мемлекеттерден жоғары сапалы және неғұрлым жоғары бағамен көкөніс жеткізудің аяқталуына байланысты болып отыр, – дейді Данияр Шәкәрімов.
Кәсіпкерлік бөлімі басшысының айтуынша, сүт және айран бағасының өсуіне қатысты өз сүт өнімдерін өндіру өңір тұрғындарының қажеттілігін қамтамасыз етпейді. Сүт өнімдерінің жетіспейтін көлемі Бородулиха және Бесқарағай аудандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінен, Өскемен қаласының “Восток Молоко”, “Эмиль”, Павлодар қаласының “Молком” сүт өңдеу кәсіпорындарынан жеткізіледі. Бағаларды тұрақтандыру үшін бөлшек сауда кәсіпорындарымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 10% – дан аспайтын ең төменгі сауда үстемесін қолдану бойынша келісімдер жасалады.
– 2021-2022 жылдарға Семей қаласы үшін 3500 тонна көлемінде 2021 жылғы егіннің жеміс – көкөніс өнімдерін, оның ішінде картоп – 1500 тонна (өткен жылмен салыстырғанда көлемі 50% – ға артты), қырыққабат-850 тонна, сәбіз-400 тонна, пияз-750 тонна сатып алу жоспарланған. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап Семей қаласында тауарлы жұмыртқа өндіру бойынша “SEMEI QUS” ЖШС құс фабрикасы жұмыс істей бастады. Бірінші санаттағы тауық жұмыртқасының бағасы 220 теңге, екінші санаттағылар-150 теңгені құрайды, – деді Шәкәрімов.
Сондай-ақ, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы бекітілген кестеге сәйкес, қалада азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша мониторингтік топ жұмысын жалғастыруда.
Semey News