
Алматыда жеңіл атлетикадан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Бұл еліміздің үздік атлеттері үшін Олимпиада ойындарына арналған нормативтерді орындау мүмкіндігі. Осы мүмкіндікті семейлік Надежда Дубовицкая жібермеді.
Бұған дейін биіктікке секіруден оның жеке рекорды 1,9 м құрады. Көрсеткіші жаман емес, тіпті Азия шегінде жұлдызды көрсеткіш. Ал әлемдік деңгейде – орташа нәтиже. Чемпионаттың фавориті ол емес, оның жас қарсыласы, биылғы жылы қыста Минскіде өткен жарыста 1,92 м биіктікті алған Кристина Овчинникова болды.
Биіктікке секіру өте тартысты болды. Осы чемпионатта Овчинникова мен Дубовицкаядан басқа, Тайландтағы жарыста топ жарған, өскемендік атлет Елизавета Матвеева және Азия, Азия ойындарының чемпионы және де Континенттік кубок-2010 қола жүлдегері өзбекстандық Надия Дусанова қатысты.
Овчинникова және Дубовицкая 192 см биіктікті жеңіл бағындырды. Одан ары не болады? 196 см – оңай биіктік емес, екі спортшыда осы биіктікті өмірінде өтіп көрмеген. Сонымен қатар бұл биіктік олардың бес жыл бойы жаттығуларын бағалайтын, сондай-ақ Олимпиада ойындарына жолдама алуға арналған биіктік. Сондықтан ішкі қобалжусыз қарау мүмкін емес болды.
Токио-2020 ресми түрде өткеніне қарамастан жарыс аяқталмады. Төрешілер ережеге сәйкес биіктік планкасын 4 см, яғни 2,00 м көтеруді хабарлады. Бұл, сөзсіз, Азия рекорды!
- Мен шоктамын, мен 198 см секірдім екен деп ойладым, – деді жарыс аяқталғаннан кейін Надежда қуаныш көз-жасын төгіп.
Надя 202 см байқап көрді, бірақта эмоционалды тұрғыда дайын болмады, бірінші әрекеттен кейін одан ары жалғастырудан бас тартты. Сол күні тарихта қалды, аңызға айналды. Енді Токиода осындай жеңістерге қол жеткіз!
Semey News