Облыс әкімі Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілімен кездесті

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі доктор Рашед Мұстафа Сарвармен кездесті.
Мәртебелі қонақ 2024 жылы 1000-нан астам үй шаруашылығы қамтылған Мульти-индикаторлық кластерлік зерттеуді өткізуге қолдау көрсеткені үшін облыс әкімдігіне алғыс білдірді. Оның айтуынша, зерттеу балалар, әйелдер мен жастардың жағдайы туралы маңызды мәліметтер алуға мүмкіндік берді.
Доктор Сарвар кездесуде Абай облысын жасылдандыруға үлес қосқысы келетінін, алдағы 5 жылда 3 миллион түп ағаш отырғызуға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ Семейде волонтерлік хаб ашылатынын атап өтті.
Волонтерлер ағаш отырғызуға, басқа да шараларға қатысады. Сіздер тараптан қолдау болса бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз,- деді ол.
Аймақ басшысы ұсыныстарды қолдап, тиісті жұмыстарды бірлесе атқаруға дайын екенін айтты.
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы аясында 3 миллион түп ағаш отырғызамыз деген ұсыныстарыңыз бізді қызықтырады. Соған атсалысуға дайынбыз. Волонтерлікке қатысты ұсыныстарыңыз да біз үшін маңызды. Облыста Жастар саясаты басқармасы құрылғалы бері волонтерлік бағытқа ерекше көңіл бөлініп келеді. Алдағы аптада өтетін Абайдың 180 жылдық мерейтойына 500-ге жуық волонтерді жұмылдыруды жоспарлап отырмыз, – деген облыс әкімі
Абайдың 180 жылдық мерейтойына қонақ болуға шақырды.
Абай облысында 150 мыңнан астам жас бар. Жастар саясатын дамыту мақсатында биыл арнайы басқарма құрылды. Облыста 41 мыңнан астам студент білім алады. «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламалары өңірде табысты іске асуда. Он үш Жастар ресурстық орталығында 4 мыңнан астам ерікті белсенді жұмыс атқаруда.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ