Абай облысыТОП

Жарма ауданының орталығында жаңа мектеп салынады

Облыс әкімі Берік Уәли Қалбатау ауылындағы Георгиевка орта мектебінің жұмысымен танысты.

1975 жылы салынған мектеп 500 оқушыға арналған. Алайда қазір мұнда 929 бала білім алады. Мектепалды даярлық сыныбында 50 бала тәрбиеленеді. Білім ордасында 89 педагог қызмет етеді.

Мектепте бірқатар өзекті мәселелер бар. Ғимарат күрделі жөндеуді қажет етеді. Электр желілері мен инженерлік жүйелерін толық жаңарту керек. Спорт және акт залдарын жөндеу, мектеп ауласын абаттандыру, қазандықты ауыстыру секілді мәселелер бар.

Білім ордасы бүгінде жобалық қуатынан 2 есе артық жүктемемен жұмыс істеп жатыр.

Мектепті аралап, оқу бөлмелері мен кітапхана жұмысымен танысып шыққан облыс әкімі Қалбатау ауылында жаңа мектепке сұраныс жоғары екенін айтты.

Қалбатау ауылында үш мектеп бар. Қазіргі уақытта соның екеуінде орын тапшылығы байқалуда. Бес жүз орынға арналған мектептерде 800-900 оқушы оқып жатыр. Сондықтан біз Қалбатау ауылында жаңа мектеп салуымыз керек. Аудан басшылығы Құрылыс басқармасымен бірлесіп тиісті құжаттарды әзірлеп, ұсыныңыздар, – деді аймақ басшысы.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Осы айдарда

Back to top button