ҚазақстанОқиғаТОП

Алматыда әйелді қағып өлтірген полицейден жауап алу сәті: Кінәмді мойындаймын

лматы ПД баспасөз қызметі әйелді қағып өлтірген полицейден жауап алу сәтінің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық патрульдік полиция полкінің инспекторы Бақтияр Төлеутай жол-көлік оқиғасының мән-жайын айтты.

Еске салайық, қайғылы оқиға 14 маусымда таңертең Алатау ауданында болған.

“Сағат 6:45 шамасында Өтемісұлы көшесімен оңтүстік бағытқа қарай кетіп бара жатқанымда, алдымдағы автокөлік солға қарай бұрылмақ болып, мен ол автокөліктен қашып, жол-көлік оқиғасын болдырмау үшін көлік жуу жаққа бұрылып кеттім. Сол кезде алдымда тұрған әйел адамды байқаусызда қағып кеттім”, – деді ол.

Полицей кінәсін толық мойындады, ол марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтты.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button