Әскери міндеттілер жиыны басталды

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35411 әскери бөлімінде әскери міндеттілердің жиыны басталды. Әскери міндеттілер жиыны – бұл тек әскери даярлықтың ғана емес, сонымен қатар елге қызмет ету, Отанымыздың қауіпсіздігін қорғау жолындағы үлкен жауапкершілік.
Жиынға Шығыс Қазақстан облысынан барлығы 75 әскери міндетті қатысуда. Ал шараның салтанатты ашылуында олардың тоғызы Отан алдында адал болуға ант берді. Жиын барысында қатысушылар әскери қызметтің негіздерін, тактика мен стратегияны, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын үйренеді.
Жиынның мақсаты – азаматтарды әскери қызметке дайындау, оларды әскери іс-әрекеттерге тарту және еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту. Әскери міндеттілер жиыны әр түрлі деңгейдегі офицерлер мен сержанттардың жетекшілігімен өтеді, олар тәжірибелерімен бөлісіп, жастарды тәрбиелеуге үлес қосады.
Мұндай жиындар еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өте маңызды, өйткені олар азаматтардың әскери қызметке деген жауапкершілігін арттырады және патриотизмді нығайтады.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі