Абайская областьТОП

Жидебайда интернет желісі іске қосылды

Абайдың 180 жылдық мерейтойы қарсаңында Жидебай музей-қорығына Beeline ұялы байланыс операторының интернет желісі іске қосылды.

Облыс әкімі Берік Уәли туристер ең көп келетін қасиетті орынға орнатылған антенна-діңгекті құрылғының жұмысымен танысты.

Жоба һәкім Абайдың 180 жылдық мерейтойы аясында облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылды.

Ақпан айында ауданға жұмыс сапарымен келгенімде жергілікті әкімдік осы мәселені көтерген еді. Қолдау білдіріп, облыстық бюджеттен қаржы бөлдік. Бұл тек Жидебайды ғана емес, оның айналасындағы елді мекендерді интернетпен қамтамасыз етеді. 1 тамызда Бөрілі елді-мекеніне антенна-діңгекті құрылғыны орнату жұмыстары аяқталады. Осылайша Абай тойы қарсаңында Абай ауданы облыстағы 100 пайыз интернетпен қамтылған алғашқы аудан атанады, – деді аймақ басшысы.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Осы айдарда

Back to top button