
Анасының айтуынша баланың қолы бағынбаудан басталған.
- Маған ол туралы айту өте ауыр, бірақта балам үшін барлығын жасаймын! 2021 жылғы 17 мамыр, біз Асанали екеміз сабақ оқуға отырдық, балам жымиғанда бет ассимметриясын байқадым, көп мән бермедім (ол үшін өзімді сөгемін). Ары қарай математиканы шешуде 2-сыныпты үздік оқитын Асанали, 9 – 6 есебін шығара алмай көп ойланды, мен оған ренжідім де, саусақпен сана дедім. Ол маған жайлап, қорқақтап «Анашым, менің қолым бағынбайды, мен қолымды сезбеймін, саусақтарымды бүге алмаймын» деді. Мен дүрбелеңдетіп Әсетті шақырдым. Әсет келгенше Асаналиде құсу пайда болды, ол бозарды, басы айналды, менің кішкентайым. Біз жедел жәрдем шақырдық. Жедел жәрдем бригадасы келіп, ұлымды қарап, «Инсульт» деген диагноз қойды. Аллам-ау, қайдағы инсульт? Не айтып тұрсыздар? Ол бар жоғы 8 жаста!!! Не болып жатыр? Одан ары барлығы бұлыңғыр болды. 3 айлық баламның жылағанына мән бермей, төсекке қалай барғанымды білмеймін, болған жағдайдан меңзең болдым. Одан ары, мүлдем қиын болды, Әсет қоңырау шалып, Асаналиде үлкен көлемде мидың қатерлі ісігі бар екенін айтты. Өз балаңмен осындай жағдай болғанын есту, сезіну өте ауыр. Сол сәттен бастап мен күн мен түн қалай өтіп жатқанын білмеймін, меңзеңмін, барлығы тезірек аяқталса екен деймін… Баламды құтқарып қалуға көмектесіңіздерші. Жаратқан ием әрқайсымызға зор денсаулық берсін,- деп жазды анасы.
Реквизиттері:
🔹 4405 6375 2121 5550 казком
🔹 5169 4971 2356 1619 каспи
🔹 4263 4333 3183 5493 сбербанк
Барлық шоттар Манабаевой Айым Ержановнаның атында.
Semey News