ШҚОҚоғамТОПШҚО

Шығыс Қазақстан облысы облысының ХҚКО-лары Ashyq қосымшасы арқылы клиенттерді қабылдайды

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы №27 қаулысына сәйкес, 14 маусымнан бастап ХҚКО-лар Ashyq сервисі арқылы клиенттерді қабылдауға көшеді, деп хабарлайды Semey News.

Теріс немесе бейтарап мәртебесі бар шығысқазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді кезексіз алуына болады.

Ashyq қосымшасы бойынша барлық қалада ХҚКО-ға кіруге қолжетімді болады. Қалалардың әрбір фронт-офисіне сканерлеу үшін арнайы дербес QR-код берілді. QR кодтары ғимаратқа кіре берісте ілінеді. Бұл ретте кезекке алдын ала брондау мүмкіндігі бұрынғыша қалады. Оның артықшылығы – сіз белгіленген уақытта оператордың қабылдауына бірден өте аласыз.

Егер қызметті алушыда Ashyq қосымшасы болмаса, жақында ғана Ashyq функционалы енгізілген eGov mobile, Kaspi.kz және Halyk Homebank қосымшаларын пайдалана алады. Осы қосымшалар болмаса да, мәртебені ХҚКО қызметкерлері ЖСН бойынша анықтайтын болады.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button