Абай облысыМәдениетТОП

Абай ауданында Абайдың 180 жылдығына орай этно-қалашық құрылады

Қарауыл төбеде өтетін мерекелік іс-шаралар аясында ұлттық нақыштағы кең ауқымды этно-қалашық құрылып, 200-ден аса киіз үй тігіледі. Бұл туралы Абай ауданының әкімі Мейіржан Смағұлов баяндады.

– Абай облысының қала-аудандары мен мекемелеріне тиесілі 180 киіз үй Қарауыл төбеге орналастырылса, Абай саябағында кәсіпкерлік және музейлік бағыттағы қазақ үйлер мен өлкетану экспозициялары ұйымдастырылады. Сонымен қатар, қолөнер шеберлері мен ұлттық бұйымдар өндірушілеріне арналған сауда-саттық алаңы белгіленіп, келушілерге этномәдени рух пен ұлттық құндылықтарды таныстыру көзделген, – деді Мейіржан Смағұлов.

8–10 тамыз күндері аралығында арнайы қоғамдық көлік маршруттары мен кестелері бекітіліп, 12 автобус қызмет көрсетеді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін 10 инватакси тартылып, қолайлы жағдай жасалады. Абай саябағы аумағында жалпы 6480 көлікке арналған автотұрақ орындары, аялдамалар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған аймақтар қарастырылған.

– Қарауыл ауылында тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті 900 әскери қызметкер қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, 6 жедел жәрдем көлігі бар медициналық бригадалар, 40 ТЖ қызметкері және 6 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған. Іс-шараларға 500-ге жуық еріктілер тартылып, бұқаралық ақпарат құралдары мен танымал блогерлердің қатысуы арқылы кең ауқымды ақпараттық қамту көзделген, – деп қорытындылады спикер.

Осы айдарда

Back to top button