Абай облысыТОП

Курчатов қаласында екі тұрғын үй қалпына келтіріліп жатыр

Облыс әкімі Берік Уәли Курчатов қаласындағы бірнеше нысанды аралап, құрылыс және қалпына келтіру жұмыстарын көрді.

Аймақ басшысы әуелі Школьная көшесі, 2 мекенжайында орналасқан, қайта қалпына келтіріліп жатқан көпқабатты тұрғын үйге барды. Жалпы ауданы 2819,2 шаршы метрді құрайтын 4 қабатты тұрғын үйде 36 пәтер бар. Құрылыс жұмыстары өткен жылы басталған. Бүгінде нысан аяқталу сатысында. Тек аула аумағын абаттандыру және балалар алаңын орнату жұмыстары қалған.

Жалпы, Курчатов қаласында қайта жаңғыртуға жарамды 28 ғимарат бар. Оның екеуінде қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын. Алдағы уақытта тағы 5 көпқабатты тұрғын үйді қалпына келтіру жоспарланып отыр. Бұл баспаналар толық жөндеуден өткен соң көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға, жетім балаларға және мемлекеттік қызметкерлерге берілмек. Қазіргі уақытта шаһарда баспана кезегінде 249 адам тұр.

Тұрғын үйді аралап көрген облыс әкімі жұмыстың сапалы атқарылғанын атап өтті.

Ендігі кезекте қалада қалпына келтіруге болатын 5 тұрғын үй ғимараты бар. Соларды кезең-кезеңімен ретке келтірсек, шаһардағы баспана мәселесін шешуге болады. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет, – деді аймақ басшысы.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Осы айдарда

Back to top button