Абай облысының оқушылары халықаралық форумда еліміздің намысын қорғайды

2025 жылғы 7-16 шілде аралығында Беларусь Республикасының Минск облысындағы «Зубренок» ұлттық балалар білім беру-сауықтыру орталығында «Достастықтың балалары» атты ХХ халықаралық мәдени-танымдық форум өтуде. Аталған іс-шараға Абай облысынан іріктелген дарынды оқушылар қатысып жатыр.
Форум – достастық елдерінің жас буынына арналған маңызды халықаралық алаң. Мұнда қатысушылар түрлі мемлекеттердің мәдениетімен танысып, шығармашылық және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, достық пен өзара түсіністікті нығайтуға мүмкіндік алады.
Қазақстан атынан форумға Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының делегациялары қатысуда.
Форум бағдарламасында мәдени күндер, зияткерлік және шығармашылық шеберлік сабақтары, тарихи экскурсиялар мен ашық пікірталас алаңдары қарастырылған.
12 шілде күні форум аясында Қазақстан Республикасы күні өтеді. Бұл күні Абай облысының оқушылары ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрімізді таныстырып, өз өнерлерін паш етеді.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ