Облыс әкімі Бесқарағай ауылындағы спорт мектебіне барды

Облыс әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде болды. Спорт мектебінің ғимараты 1978 жылы салынған. Қазіргі уақытта мұнда 10 адам жұмыс істейді. 82 бала еркін және қазақ күресі секілді спорт түрлерімен шұғылданады.
Мұндағы өзекті мәселенің бірі – нысанға салынғаннан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген. Тек мекеме күшімен косметикалық жөндеулер жасалған. Қазіргі кезде нысанға толық жөндеу қажет. Жылыту жүйесін жаңарту, ескі терезелерді ауыстыру, душ бөлмелеріндегі тақтатас пен еден жабындысын жаңарту, сондай-ақ сантехникалық және электр жүйелерін толық ауыстыру керек. Бұған жобалық-сметалық құжаттама әзірленген.
Облыс әкімі спорт мекемесінің ішін аралап, нысанның жай-күйімен танысты. Аймақ басшысы ғимаратты толық жаңғырту қажет екенін атап өтті.
Балалардың спортпен алаңсыз айналысуы үшін барлық жағдайды жасауымыз керек. Спорт мектебін күрделі жөндеуден өткізуге тиісті қолдау көрсетеміз, – деді облыс әкімі.