Абай облысыТОП

Облыс әкімі Бесқарағай ауданы тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

Облыс әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауданы тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар таза ауыз су, жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру және спорт нысандарының құрылысы мәселелерін көтерді.

Атап айтқанда, тұрғындар Кривинка, Мостик ауылдарына су құбырын тарту, Канонерка және Белокаменка бағытындағы аудандық маңызы бар жолды жөндеу, Долон, Канонерка ауылдарындағы көшелерді жарықтандыруға қатысты ұсыныстарын айтты.

Қоянбай ауылына спорт модулін салу, Бозталға дейінгі 18 шақырым жолды жөндеу секілді ұсыныстар да назардан тыс қалмады. Аймақ басшысы тиісті басқармаларға нақты тапсырмалар берді.

Азаматтарды қабылдау барысында облыс әкімі әр мәселені жеке бақылауына алып, тұрғындар көтерген өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешуді жауапты сала басшыларына жүктеді.

Қабылдауда көтерілген мәселелермен жақсы таныспын. Жол, ауыз су, жарықтандыру сияқты проблемалар уақыт күттірмейтін мәселе екені анық. Тозығы жеткен әлеуметтік нысандар, оқушылар үшін орындар тапшылығы, медицина және мәдениет мекемелерінің жай-күйі мен интернет мәселесін шешу қажет. Ең бірінші, ауылдың жағдайын жақсартып, халықтың тұрмыс сапасын арттыру маңызды. Су құбырларын жаңғырту бойынша биыл облыста 28 жоба іске асырылады. Оған 11,3 млрд теңге қарастырылған. Оның 5,1 млрд теңгесі Бесқарағай ауданының бірқатар ауылдарында су құбырларын ауыстыруға бағытталады. Осылайша, аудандағы мәселелерді кезең-кезеңімен шешетін боламыз, – деді аймақ басшысы.

Облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауының алдында басқарма басшылары аудан тұрғындарын қабылдап, сауалдарына жауап берді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button