Облыс әкімі Парламент Мәжілісінің депутаты Таңсәуле Серіковпен кездесті

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Парламент Мәжілісінің депутаты Таңсәуле Серіковпен кездесті. Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, тұрғындарды толғандырған маңызды мәселелер талқыланды.
Аймақ басшысы облыста инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге, жылу, су, электр желілерін жаңғыртуға, жолдарды жөндеуге, әлеуметтік нысандар салуға, инвестиция тартуға және ауыл шаруашылығы, туризм салаларын дамытуға басымдық беріліп отырғанына тоқталды.
Парламент Мәжілісінің депутаты бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының зардаптарын жоюға, тұрғындарға жеңілдіктер беруге, ауылдағы халықтың тұрмысын жақсартуға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетуге және жергілікті оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға қатысты ойларын ортаға салды.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ