Абай облысыЗаң мен тәртіпТОП

Зияткерлік — нашақорлыққа қарсы: Абай облысында шахмат турнирі өтті

Абай облысында «Есірткісіз өмірді қалаймыз» ұранымен жастар арасында шахмат турнирі ұйымдастырылды.

Іс-шара Абай облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қолдауымен өтті. Турнирдің негізгі мақсаты — жас ұрпақтың зиянды әдеттерге деген теріс көзқарасын қалыптастырып, салауатты өмір салтын насихаттау.

Зияткерлік жарысқа мектеп оқушылары, студенттер мен жас спортшылар қатысты. Бұл турнир логикалық ойлау мен стратегияны сынаумен қатар, дұрыс өмірлік таңдау жасаудың маңыздылығын еске салды.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы атынан дипломдар мен сыйлықтар, сондай-ақ азаматтық белсенділіктері үшін алғыс хаттар табысталды.

Мұндай профилактикалық шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады. Олар оқу орындарын ғана емес, сонымен қатар өңірдегі қоғамдық орындарды да қамтиды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button