Абай облысыЗаң мен тәртіпТОП

КИБЕР СОҒЫС БАСТАЛДЫ: АБАЙ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯСЫ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАРҒА СОҚҚЫ БЕРУДЕ

2025 жылдың басынан бері өңірде 408 интернет-алаяқтық дерегі тіркеліп, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55,7%-ға көп.

Осы жылы қаңтар айында құрылған Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы интернет-алаяқтықтың 17 эпизоды бойынша 11 күдіктіні ұстады.
1 190-нан астам заңсыз сайттар бұғатталды.

Маңызды құралдардың бірі — полиция мен екінші деңгейлі банктерді онлайн режимде біріктіретін «Антифрод-орталығы» жүйесі.
Жыл басынан бері бұл жүйеге 1 056 инцидент тіркеліп, 392 алаяқ есепшот иесі (дроппер) анықталды.
16,5 млн теңгеден астам қаражат бұғатталып, соның ішінде 9,8 млн теңгеден астамы жәбірленушілерге қайтарылды.

Бір рейд барысында ДКНБ қызметкерлерімен бірлесіп, Семей қаласында SIM-box деп аталатын заңсыз құрылғы тәркіленді. Бұл құрылғы виртуалды нөмірлер арқылы алаяқтыққа пайдаланылған.
60 жастағы тұрғын ұсталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Абай облысының полиция департаменті азаматтарды сақ болуға шақырады:
бөгде адамдарға жеке және банк деректеріңізді бермеңіз, күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, ақпарат көздерінің шынайылығын тексеріңіз.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button