Абай облысының прокурорлары алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме әңгіме өткізді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған кең ауқымды құқықтық акция – «Заң мен Тәртіп» апталығы аясында облыс прокуратурасының қызметкерлері «№2 Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-не барды.
Іс-шараның мақсаты – егде жастағы азаматтарды құқықтық жағынан ағарту және қарт адамдарға қатысты қылмыстардың алдын алу.
Кездесу барысында прокуратура өкілдері егде адамдар жиі ұшырайтын алаяқтықтың кең тараған тәсілдері туралы айтып берді. Алаяқтарды қалай тануға болатыны, өз қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ету керектігі және алаяқтық әрекеттер орын алған жағдайда қайда жүгіну қажет екендігіне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, қарт тұрғындарға олардың азамат ретінде құқықтары мен әлеуметтік бағдарламаларға қатысушы ретіндегі мүмкіндіктері еске салынды. Мемлекеттік органдар мен әлеуметтік, медициналық қызмет көрсететін ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау бойынша пайдалы кеңестер берілді.
Кездесудің негізгі бөлігінен кейін прокуратура қызметкерлері қарттар үйі тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Қатысушылар үлкен қызығушылық танытып, өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісті және пайдалы ақпарат үшін алғыс білдірді.